oC

2025 жылының 03 қарашасы мен 03 желтоқсан аралығында   "Құқықтық сауаттылық – жарқын болашақ кепілі" тақырыбында кәмелетке толмағандар арасында  азаматтық құқықтық сана мен құқық бұзушылықтың алдын алу айлығы жүргізіліп жатыр. Осы айлық аясында  мектеп инспекторы,  қамқоршылық кеңесінің   төрағасы, мектеп әкімшілігі тарапынан рейдке шығу  іс-шарасы ұйымдастырылды.

Негізгі мақсаты:  құқық бұзушылықтың алдын алу және жасөспірімдердің қауіпсіздігі қадағалау

14,21, 28 қараша күні мектеп инспекторы Ғазез А.Ж.,  қамқоршылық кеңесінің   төрағасы  Дуйсебекова А.Е., мектеп әкімшілігі, ұстаздар рейдке шықты. Рейд барасында  түнгі 22.00-ден кейін  жасөспірімдердің  кафе-барларда, ойын сауық орталықтарда оқушылардың болмауын қадағалады. Ал, 23.00-ден кейін жасөспірімдірдің  түнде беймезгіл уақытта   занды тұлғасыз яғни, ата-анасыз  жүрмеуін қадағаланды.  

Топ мүшелерімен  «Публика»,  «Тұран», «Лион» т.б.  кафелері,  ойын-сауық орталықтары араланды.  22.00-ге дейін  болған жасөспірімдерге  ескерту айтылды, сол мезетте балалар үйлеріне жіберілді.

23.00-ден кейін  көшеде занды тұлғасыз жасөспірімдер кездестіріліген жоқ.

Аталған іс-шараның тәлім тәрбиесі мол. Алдағы уақытта да бұл іс-шара өз жалғасын табады.