2026 жылы 5-9 қаңтар аралығында Қостанай қаласында 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Мектеп-гимназиямыздан қалалық кезеңнен іріктеліп екі оқушы қатысты. География пәнінен 9 "В сынып оқушысы Алтай Д және ағылшын тілі пәнінен 11 "В" сынып оқушысы Тұрғынбай Қ қатысып, олимпиада қорытындысы бойынша Алтай Д сертификатқа, Тұрғынбай Қ жүлделі ІІІ орынға ие болды. Жетекшілері Қонысбай Н.Қ., Мухамедьярова Л.Қ. жеңістеріңіз құтты болсын!






