oC

Мектепішілік жоба аясында «Орыс тілі» бірлестігінің ұйымдастыруымен 2026 жылдың 11 ақпан күні мұғалімдер арасында «IQ battle» интеллектуалды сайысы жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді. Бұл сайыс – ұстаздардың білім деңгейін, ойлау шапшаңдығын, логикалық қабілетін және жан-жақтылығын танытатын, сонымен қатар әріптестер арасындағы кәсіби ынтымақтастық пен достық қарым-қатынасты нығайтатын маңызды алаң болды.

Сайысқа еңбек өтіліне байланысты үш команда қатысып, әр кезеңде өздерінің терең білімдерін, тапқырлықтарын және ұйымшылдықтарын көрсетті. Қатысушылар блиц-сұрақтарда жылдам жауап беріп, «Қазақстан қалалары» кезеңінде ел географиясы бойынша білімдерін дәлелдеді, «Логотиптер» мен «Музыка» кезеңдерінде таным көкжиегінің кеңдігін байқатты, ал «Логика» кезеңінде ерекше ойлау қабілетімен көзге түсті.

Сайыс нәтижесінде:
 І орынды – 5–8 жыл еңбек өтілі бар ұстаздар командасы иеленіп, жоғары дайындық пен бірліктің үлгісін көрсетті.
 ІІ орынды – жас мамандар командасы иеленіп, өздерінің үлкен әлеуеті мен болашаққа деген сенімді қадамдарын дәлелдеді.
 ІІІ орынды – 10–20 жыл еңбек өтілі бар тәжірибелі ұстаздар командасы иеленіп, даналық пен тәжірибенің маңызын көрсетті.

Бұл сайыс – ұстаздардың тек білімді ғана емес, сонымен қатар ізденімпаз, шығармашыл және заманауи тұлға екенін айқын көрсетті. Осындай зияткерлік сайыстар педагогтердің кәсіби дамуына серпін беріп, ұжымдағы бірлік пен өзара қолдауды нығайтуға зор ықпал етеді.

Барлық қатысушыларға белсенділіктері мен жоғары деңгейдегі дайындықтары үшін алғыс білдіреміз!