oC

Арқалық қаласының 70 жылдық мерейтойына орай «Жасанды интеллект – жаңа мүмкіндіктер» жобасы аясында 5–7 сынып оқушылары арасында «Туған қалам жүрегімде» атты бейнероликтер байқауы өткізілді. Байқаудың негізгі мақсаты – оқушылардың туған қаласына деген сүйіспеншілігін арттыру, оның бай тарихы мен мәдени мұрасын насихаттау, сондай-ақ жасанды интеллект технологияларын шығармашылық бағытта қолдану дағдыларын дамыту болды.

Байқау барысында оқушылар өздерінің туған қаласы – Арқалықтың қалыптасу жолын, тарихи маңызын, көрікті жерлерін және болашақтағы келбетін заманауи цифрлық мүмкіндіктер арқылы бейнелеп көрсетті. Қатысушылар бейнеролик дайындау кезінде жасанды интеллект құралдарын пайдаланып, тың идеялар ұсынып, шығармашылық ізденіс пен жаңашылдықтың жоғары деңгейін танытты.

Ұсынылған жұмыстарда оқушылардың креативті ойлау қабілеті, туған жерге деген құрметі мен мақтаныш сезімі айқын көрініс тапты. Әсіресе, тарихи деректер мен заманауи технологиялардың үйлесімді қолданылуы байқаудың мазмұнын тереңдетіп, ерекше әсер қалдырды.

Қазылар алқасы бейнероликтерді тақырыптың ашылуы, жасанды интеллект құралдарын қолдану деңгейі, шығармашылық ерекшелігі және техникалық сапасы бойынша бағалады. Нәтижесінде үздік жұмыстар анықталып, жеңімпаздар дипломдармен марапатталды. Нәтижесінде:

  • орын Б.Майлин атындағы жалпы білім беретін оқушысы Нұрғали аймереке;
  • орын М.Әуезов втындығы жалпы білім беретін оқушысы Дүйсенбі Айсара

2-орын  А.Алтынсарин атындағы гимназия

  • орын Ш.Уалиханов атындығы  жалпы білім беретін оқушысы

3-орын Кейкі батыр атындағы мектептің оқушысы Серікбай Әлихан

3-орын 8-мектеп оқушысы Нұрымбет Нұрперзент

Аталған байқау оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, заманауи технологияларды тиімді қолдануға және туған жердің тарихын құрметтеуге тәрбиелеуде маңызды рөл атқарды. Осындай мазмұнды іс-шаралар жас ұрпақтың рухани-танымдық дамуына және цифрлық сауаттылығының артуына үлкен мүмкіндік береді.