oC

Мақсаты:  жасөспірімдердің арасында  құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың, қауіпсіздіктің алдын алу. Білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Іс-шара  маңызды әрі өзекті болды. Жасөспірімдер үшін заң мен тәртіптің мәнін түсіну — тек қауіпсіздік емес, сонымен қатар саналы болашақтың кепілі.

Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Арқалық қаласы полиция басқармасының қызметкерлері қатысты.

1.Аркалык каласы ПБ қоғамдық қауіпсіздік бөлімі отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы полиция лейтенанты Қабден Айгүл Қайратқызы

  1. Арқалық қаласы Полиция басқармасы Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл тобының аға жедел уәкілі полиция майоры Майленов Бекназар Джамбулович

3.Аркалык каласы ПБ қоғамдық қауіпсіздік бөлімі ювеналды полиция тобы полиция аға лейтенанты Ғазез Аружан Жеңісқызы

Күн тәртібі:

1 «Зорлық-зомбылықсыз қоғам: Сенің құқығың – сенің қорғаның»

  1. «Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл: цифрлық әлемдегі қауіпсіздік»
  2. «Құқық бұзушылықтың алдын алу және жасөспірім жауапкершілігі»

Мамандар өз кезегінде  күн тәртібіндегі тақырыптар бойынша  баяндама жасады. Қазіргі заманда зорлық-зомбылық тек үлкендер арасында ғана емес, өкінішке қарай, жасөспірімдер арасында да жиі кездесіп отыр. Бұл – тек жеке адамның емес, бүкіл қоғамның мәселесі .Зорлық-зомбылық – тек физикалық күш көрсету емес, ол психологиялық қысым, қорқыту, тіл тигізу, кибербуллинг,  сталкинг сияқты әрекеттерді де қамтиды.  Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында  түсіндірмелі жұмысы жүргізіліп, білім алушыларға заңның баптары таныстырылды.

Заңды білу – әр азаматтың міндеті. Әрқайсымыз өз іс-әрекетімізге жауапкершілікпен қарап, заң талаптарын қатаң сақтасақ, қоғамымызда тәртіп пен тыныштық орнайды. Тәртіп бар жерде – береке бар, ал береке бар жерде – болашақ нұрлы.

Бүгінгі кездесуден алған  тәлім тәрбие мен пайдалы кеңестер білім алушылардың есінде сақталып, дұрыс өмірлік ұстаным қалыптастырады деген сенеміз.

risunok1 risunok3