8- наурыз - Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу іс- шараларының жоспары бойынша мектеп- гимназиямыздың жоғарғы сынып қыз балалары “ Чемпионмен диалог” тақырыбында бокстан Қостанай облысының чемпионы, Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы,әлем чемпионы, Халықаралық жарыстардын жеңімпазы Қазақстан ұлттық құрама командасының мүшесі, Қазақстан атынан Украина, Сербия, Турция, Ресей, Америка, Өзбекстан, Қытай елдерінде өткен бокстан жарыстарда өнер көрсетуші Жанна Серікқызымен диалог алаңында кездесті. Диалог алаңының қонағы Жанна Серікқызы қыз балаға бокстан чемпион болу — бұл тек спорт емес, сонымен қатар тәртіп, мінез және жеңіске деген құштарлық екенін жеткізе білді.
@oqu_agartu_ministrligi @altynsarin_akademiasy @erlankalmakov @kost__bilim @rumcdo_official @kostdaryn.kz @rcfk_i_do @ibraeva.0707 @arkalyk_bilim_bolimi #біртұтас_тәрбие #Адалазамат #қосымшабілімберу






