oC

23-24.02.2026 күндері қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз" атты жас педагогтердің VIII республикалық байқауының қалалық кезеңі өтті. Байқауға қалалық білім бөліміне қарасты ауыл және қала мектептерінің жас ұстаздары қатысты. Байқауға барлығы 6 ұстаз қатысып, өздерінің шеберліктерін көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша біздің мектеп-гимназиямыздың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстазы, жас маман Забихолла Назерке жүлделі І орынға ие болып, облыстық кезеңге жолдама алды. Жеңісіңіз құтты болсын!