04.03.2026 күні Қостанай қаласында Республикалық "Ілияс Жансүгіров оқулары" байқауының облыстық кезеңі өтті. Байқауға облысқа қарасты ауыл және мектеп оқушылары қатысты. Байқау қорытындысы бойынша мектеп-гимназиямыздың 11 "Б" сыныбынан қатысқан Қуанышбек Назгүл "ЖАЗ! ЖАЗ! ҚАЛАМ, ЖОРҒАЛАП" номинациясы бойынша жүлделі ІІ орынға ие болды. Жетекшісі Ибикенова Л.К. Жеңістеріңіз құтты болсын!










