oC
Мектебімізде ұлы ойшыл, дана ақын Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын ұлықтауға арналған мектепішілік Абай оқулары өтті. Бұл тағылымды кеште бастауыш сынып пен 5–11 сынып оқушылары ақын өлеңдерін жүрекпен жеткізіп, қара сөздерінен сыр шертті. Әрбір шәкірттің үні арқылы Абайдың асыл ойы жаңғырып, көркем сөздің құдіреті тағы бір мәрте айқын сезілді.
 
🌿 Іс-шараның мақсаты:
Жас ұрпақтың бойына Абай мұрасын сіңіру, сөз өнеріне сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық рух пен адамгершілік құндылықтарды дәріптеу.
 
✨ Абай сөзі – мәңгілік, ал оны жалғаушы – бүгінгі білімді ұрпақ!