2026 жылдың 27 наурыз күні қалалық кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен №7 мектеп базасында волейбол жарысы өткізілді. Аталған жарысқа қала мектептері қатысып, өзара тартысты ойын көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жүлделі ІІ орынды иеленді. Сонымен қатар команда 50 000 теңге сертификатпен марапатталды.
Команда құрамында: Байболов Т.Ф, Шалабаев Д.А, Оразбаев Н.И, Мағауов Е.А, Манетов М.М, Арғынбеков Б.М, Забихолла Н.К, Тәкілова Г.О, Жақсылық Т.А, Қаби М.Ә қатысып, ұйымшылдық пен шеберліктің үлгісін көрсетті.
Жарыс барысында ерекше көзге түскен ойыншы, «Үздік шабуылшы» номинациясын Мағауов Ерболат иеленді.
Бұл жетістік – команданың бірлігі мен еңбегінің нәтижесі.
Бірлік бар жерде – жеңіс бар, жеңіс – тек мықтылықта емес, ұйымшылдықта екендігі тағыда бір мәрте дәлелденді.








