13.03.2026 жылы қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Ш.Уәлиханов атындағы №1 жалпы білім беретін мектеп базасында "Жас маман-2026" байқауы өткізілді. Қалалық байқауға білім бөліміне қарасты ауыл және қала мектептерінің 1-3 жыл аралығындағы 10 жас маман қатысып, 3 кезең бойынша өз бақтарын сынады. Қатысушылар өздерінің кәсіби шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша біздің мектеп-гимназиямыздың бастауыш сынып мұғалімі Қапсұлтан Таңшолпан Талғатқызы жүлделі 1 орынға ие болды. Жеңісіңіз құтты болсын! Шығармашылық табыс тілейміз.








