oC

Ағымдағы жылдың 16 наурызында Қостанай қаласында №17 мектеп базасында "Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз" атты республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті. Байқауға Қостанай облысына қарасты 15 мектеп қатысты. Аталған байқауға қалалық кезеңнен 1 орын алған мектеп-гимназиямыздың қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Забихолла Назерке Кенжебекқызы қатысып қайтты.

Байқаудың міндеттері:

-талантты жас педагогтерді анықтау;

-педагог еңбегінің дәрежесін көтеру;

-жас педагогтердің инновациялық идеялар мен қызмет түрлерін іздеуге

ынтасын дамыту;

Байқау үш кезеңнен тұрды. Байқау қорытындысы бойынша Забихолла Н.К. сертификатқа ие болды. Жетістігіңіз құтты болсын! Алдағы уақытта биіктерден көріне беріңіз.