01.04.2026 жылы Ә.Бөкейхан атындағы мектеп базасында «Ұлы тұлғалар жолы» жобасы аясында «Көрнекті қоғам және мемлекеттік қайраткері Әлихан Бөкейханның туғанына 160 жыл» мерейтойына орай «Ұлт мақтанышы Әлихан» атты облыстық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді. Мақсаты: «Ұлы тұлғалар жолы» облыстық жобасы аясында Әлихан Бөкейханның мұрасын насихаттау арқылы оқушылардың тарихи танымын дамыту, патриоттық тәрбие беру және педагогтердің озық тәжірибесін тарату. Конференция 5 секциядан тұрды.
секция №1. «Ә. Бөкейханның интеллектуалдық көшбасшылығы»
секция №2 . «Ә. Бөкейхан: тарих шындығы»
секция №3. «Ә. Бөкейханның әдебиеттегі бейнесі»
секция №4 «Әлихан Бөкейханның қоғамдық-саяси қызметі»
секция №5 «Әлихан Бөкейхан: тарих, тағылым, жастар көзқарасы».
Аталған конференцияға біздің мектеп-гимназиямыздан ұстаздар және оқушылар қатысып, өз жұмыстарымен бөлісті. Конференция қорытындысы бойынша:
№1 секцияда жұмыстарын қорғаған Кикбаева А.Т., Копанова Н.Л. жұмыстары үздік деп танылып, 3 орынға, №2 секцияда Садуова Ж.Т. 2 орынға, Тургумбаева Г.Ш. сертификатқа, № 3 секция бойынша Есжанова А.К. 2 орынға, Алкебаева К.К. сертификатқа, №4 секция бойынша Катешова Н.Т. 2 орынға, Әубәкір А.Ғ, Альмағамбетова Г.Ш., Булебаева Л.К. сертификатқа ие болды. №5 секция бойынша 11 сынып оқушысы Қуаныш М 1 орынға ие болды. Жетекшісі Забихолла Н.К. Жеңістеріңіз құтты болсын!






