📖 Абай мұрасы – ұрпаққа аманат!
Кемеңгер Абайдың рухы асқақтаған қасиетті өлкеде шәкірттеріміз тағы бір биікті бағындырды! 22.04.2026 жыл Қостанай қаласында өткен облыстық «Абай оқулары» шығармашылық байқауында мектебіміздің дарынды өрендері топ жарып, жүлделі орындармен оралды.
Жеңімпаздарымызбен таныс болыңыздар:
🥇 Қуанышбек Назгүл – «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» номинациясы бойынша І орын иегері. (Жетекшісі: Ибекенова Лиза Қабдуовна)
🥉 Жұмабек Көркем – «Абайдың ақын шәкірттері» номинациясы бойынша ІІІ орын иегері. (Жетекшісі: Канапина П.О.)
🥉 Амант Аруна – «Абайдың асыл мұрасы» номинациясы бойынша ІІІ орын иегері. (Жетекшісі: Ибекенова Л. К.)
Хакім Абайдың терең ойы мен сырлы жырын жанына серік еткен жас таланттарымызды және оларға бағыт-бағдар берген білікті ұстаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!
"Жүрегіңе сүңгі де, бойлап қара,
Содан тапқан шын асыл, тастап ара..."
Шәкірттеріміздің шығармашылық жолы ақ, асулары биік болсын! Өнер айдынында қанаттарың талмасын, жас қырандар! 🦅✨






