17.04.2026 жылы А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиямызда ✨ «Жаңашыл мектепке – жаңашыл ұстаз» атты жас мамандар байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті.
🎯 Байқаудың негізгі мақсаты – жас педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, шығармашылық әлеуетін дамыту, заманауи білім беру үдерісінде жаңашыл идеяларды насихаттау және тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау.
📌 Байқау екі кезеңнен тұрды.
І кезеңде қатысушылар ашық сабақ өткізіп, өз пәнін оқытудағы әдіс-тәсілдерін, оқушылармен жұмыс жасау дағдыларын және педагогикалық шеберліктерін көрсетті.
📌 ІІ кезеңде жас мамандар өздерін жан-жақты танытып, «Өзін-өзі таныстыру», «Адал азамат» және «Өз өнері» бағыттары бойынша бақ сынады. Бұл кезеңде қатысушылардың тұлғалық қасиеттері, шығармашылығы мен сахналық мәдениеті айқын көрініс тапты.
🌟 Байқау барысында жас ұстаздардың жаңашылдығы, ізденісі мен кәсіби біліктілігі ерекше байқалды. Әр қатысушы өз ісіне деген жауапкершілігін дәлелдеп, білім беру саласына тың серпін әкелетінін көрсетті.
👏 Жас мамандардың талпынысы мен еңбегі – сапалы білім мен жарқын болашақтың кепілі!






