oC

 А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясында 7 сынып білім алушылары арасында «Заң мен тәртіп» тақырыбында Арқалық қаласы полиция қызметкерлерімен кездесу өткізілді.

Мақсаты: қоғамда құқықтық тәртіпті нығайту, білім алушылардың құқықтық санасы мен мәдениетін арттыру, жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және құқыққа қарсы әрекеттердің туындауына жол бермеу болып табылады.
Күн тәртібі:
1. «Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу»
Мәлімет беруші:Арқалық қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Қоңқас Жумабай Серікұлы
2. «Мектептегі қауіпсіз ортаны қалыптастыру » яғни буллинг және кибербуллингтің алдын алу
Мәлімет беруші: Арқалық қаласы полиция басқармасының ҚҚБ ЮПТ аға исапекторы полиция майоры Бекенов Қайрат Аканович
Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған ең өзекті мәселелердің бірі – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу. Жасөспірімдік шақ – баланың мінез-құлқы қалыптасып, оң мен солды тани бастайтын өтпелі кезеңі. Осы кезеңде баланың заңға қайшы әрекеттерге бармауына жағдай жасау – мемлекеттік органдардың, білім беру мекемелері мен ата-аналардың ортақ парызы болып есептеледі.
«Заңды білмеу жауапкерші