Шараның негізгі мақсаты – үйден білім алып жатқан оқушыларға қолдау көрсету, олардың жетістіктерін насихаттау және ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты нығайту болды.
Кездесу барысында директордың ақпараттық технологиялар ісі жөніндегі орынбасары Жабағы Ерболат Ғабитұлы үйден білім алып жатқан оқушылар туралы мәлімет беріп, олардың оқу жетістіктері мен түрлі бағыттағы белсенділіктеріне тоқталды.
Сонымен қатар мектепішілік, қалалық, облыстық байқаулар мен іс-шараларға белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болған оқушыларды мектеп басшысы Козбагарова Карлыгаш Серикбаевна арнайы құттықтап, марапаттады. Оқушыларға мектеп тарапынан сыйлықтар табысталып, білім жолындағы талпыныстары мен еңбектеріне құрмет көрсетілді.
Шара барысында мектеп өміріне белсене араласып, бала тәрбиесі мен оқуына үнемі қолдау білдіріп жүрген ата-аналар мектеп басшысының Алғыс хатымен марапатталды.
Кездесу еркін пікір алмасу форматында жалғасып, ата-аналар мектеп ұстаздары және әкімшілікпен өзара ой бөлісті. Ата-аналардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, алдағы жұмыстар бойынша маңызды мәселелер талқыланды.
Шара соңында мектеп психологтары оқушылар мен ата-аналарға арнап психологиялық тренинг өткізіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй мен жағымды әсер сыйлады.






