1. Мектеп түлектерінің салтанатты жиынын өткізуді ұйымдастыру шаралары туралы
(Мектеп директоры Козбагарова Карлыгаш Серикбаевна)
2. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты, нашақорлықты, лудоманияны (құмар және компьютер ойындарды) алдын алу
(Арқалық қаласы полиция басқармасының жедел уәкілі полиция капитаны Карин Нұрлыбек Мұратбекович)
3. Балалар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, алкогольді, темекі өнімдері мен энергетикалық сусындарды қолданудың алдын алу
(Арқалық өңірлік аурухана психологі Серикбаева Жанерке Куандыковна)
4. «Жазғы мезгілде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жазатайым оқиғалардың алдын алу»
(Арқалық қаласы төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Қапанов Ахмет Бауыржанұлы)
5. «Міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтау»
(директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жапарова Айнагүл Каримжановна)
Жиналыс барысында
мектеп түлектерінің салтанатты жиынын өткізуді туралы, аталған іс-шараға қаражат жинауға, мейрамханаларда атап өтуге тыйым салынғаны баяндалды. Оқушылардың мектеп формасы бойынша ата-аналарға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығы тағы бір мәрте таныстырылды. Сонымен қатар жазғы демалыс қарсаңында балалардың қауіпсіздігін алдын алу түсіндірілді. Заң мен тәртіп аясында интернет алаяқтықтан сақтану.
Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқыбұзушылықтың алдын алу. Буллинг.
Есірткі қылмысына қарсы күрес т.б. түсіндірілді.
Ата-аналарға заң және тәртіп қағидатын сақтау, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және олардың әлеуметтік желідегі белсенділігіне бақылау жасау жөнінде ұсыныстар берілді.
Бала тәрбиесі мен қауіпсіздігі — мектеп пен ата-ананың ортақ жауапкершілігі. Заң мен тәртіп сақталған жерде ғана ұрпағымыз аман, болашағымыз жарқын болады.






