А. Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясында жаңа оқу жылының басталуына орай 1-11 сынып оқушыларына арналған салтанатты жиын болып өтті.
Мерекелік шарада мектеп ұжымы, оқушылар мен ата-аналар бас қосып, жаңа оқу жылына ақ тілектерін арнады. Әсіресе, мектеп табалдырығын алғаш рет аттаған 1-сынып бүлдіршіндері үшін бұл күн ерекше толқыныс пен қуанышқа толы болды. Тәтті бүлдіршіндеріміз жүрекжарды өлеңдерін оқып, өз өнерлерін ортаға салды.
Жиынның ең тебірентерлік сәті – білім әлеміне жол ашқан алғашқы қоңыраудың сыңғырлай соғылуы еді. Бұл үн мектеп табалдырығын аттаған кішкентай бүлдіршіндерге жаңа асулар мен білім биіктерін меңзеп тұрғандай.
Барша шәкірттерімізге сарқылмас талап пен оқуда озық болуды, ал ұстаздар қауымына шығармашылық табыс пен төзімділік тілейміз! Жаңа оқу жылы жеңістер мен жарқын жетістіктерге толы болсын! 🚀📖
#1Қыркүйек #БілімКүні #АҚұнанбаевМектепГимназиясы #АлғашқыҚоңырау #ЖаңаОқуЖылы






