oC

      А. Құнанбаев атындағы мектеп- гимназиямызда «Елбасы медалі» қола ерекшелік белгісімен наградталған 10 «Б» сынып оқушы Дүйсенбі Аягөзбен 8-10 сынып оқушылар  арасында кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің барысында Нурсулу Лесбековна баяндамасында «Қазақстан Республикасы Үкіметінің          2020 жылғы « 14 » мамырдағы № 296 қаулысы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 249 қаулысымен бекітілген он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау қағидалары  жалпы ережесі он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау «Білім туралы»  2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы  4-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін «Елбасы медалі» ерекшелік белгісімен наградтау тәртібін айқындайды. Жеңімпаздар «Елбасы медалі» ерекшелік белгілерінің үш түрімен наградталады: қола, күміс және алтын.  «Елбасы медалі» қола ерекшелік белгісімен алты ай, күміс ерекшелік белгісімен 12 ай, алтын ерекшелік белгісімен 18 ай ішінде мынадай талаптарды орындаған оқушылар ие болады. Бағдарламаға қатысу қызметтің мынадай 7 бағыттарын қамтиды:  «Спорт және физикалық даму «Таланттар мен дағдылар», «Кітап оқу», «Ұлттық мұра», «Волонтерлік», «Туристік жорықтар», «Еңбек практикасы» Осы қаулының 23 пунктінде «Балдары тең болған жағдайда "Елбасы медалі" ерекшелік белгісінің иегерлері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру гранттарын алуға, сондай-ақ жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушылардың құрамына қабылдануға басым құқыққа ие болады. Әкімші өз шешімімен "Елбасы медалі" ерекшелік белгісінің иегерлерін көтермелеудің қосымша шараларын белгілейді» делінгенін айтып өтті. Дүйсенбі Аягөз медаль алу барысында   қандай жұмыстар жасау керек, бағыттарды таңдап жұмыстар жүргізіп, оны  видеоға түсіру уақыты, эсседе қанша сөз болу керектігін түсіндірді. Бүгінгі күні Аягөз күміс медаль жобасын жалғастыруда.