1-қыркүйек Білім күніне орай өткізілген салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиын қонақтары: Арқалық қаласы әкімінің орынбасары Жұманов Мешітбай Қайыржанұлы, ҚББ әдістеме бөлімінің меңгерушісі Искакова Динара Мақсұтқызы қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Мектеп-гимназия директоры Козбагарова Қарлығаш Серікбайқызы ұстаздар мен оқушылар жетістігін айта келіп, оқушыларды білім күні және жаңа оқу жылдарымен құттықтады. 1-сынып оқушылары мерекелік өлеңдерін оқып, ән шырқалды.:
#біртұтас_тәрбие
#bilim_guni
#Білімкүні
Құрметті ұстаздар мен ата-аналар!
Құрметті оқушылар!!!
Сіздерді ең жарқын мереке - Білім күнімен құттықтаймыз!
Бірінші қыркүйек әрдайым керемет мереке және білімнің, жаңа ашылулардың, жетістіктер мен жеңістердің, достармен және дана тәлімгерлермен, тәрбиешілермен кездесудің және қызықты әлемге саяхаттың басталу күні. Бұл күн бәріміз үшін маңызды, ол үлкенге де, кішіге де бірдей қымбат. Өйткені, адам өмірінде қандай биіктерге жетсе де, бұл білім арқасында. Президентіміз Қ.Тоқаев атап өткендей, цифрлық дәуірдегі жаңа білім мен дағдылар жаңа буынның болашақ табысының кілті болып табылады.
Бұл күні ерекше алғыс пен ризашылық сөздері балаларға барлық уақыттары мен күштерін, білімдерін, жылы лебіздері мен шын жүректен жылулықтарын беретін ұстаздарымызға айтқымыз келеді. Көп жағдайда еліміздің болашағы мұғалімдерге байланысты.
Жаңа оқу жылы барлығыңыз үшін сәтті және қуанышты болсын!
#біртұтас_тәрбие
#bilim_guni