oC

«Абай Құнанбаев атындағы мектеп -гимназиясы» КММ

2023–2024 оқу жылында А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясы «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы аясында маңызды жаңартудан өтті. Жоба шеңберінде Қазақстан Халқына Қорының 250 миллион теңгеге жуық қаржылық қолдауының арқасында мектептің техникалық материалдық базасы жаңа заман талаптарына сай толыққанды әрі заманауи инфрақұрылыммен қамтамасыз етілді. Бұл жаңартылған база оқу процесін жақсартуға, заманауи білім беру стандарттарына сәйкес технологиялық құралдармен қамтамасыз етуге және оқушылардың әртүрлі оқу-тәрбие қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Осы жетістік арқасында мектеп өз әлеуетін арттырып, оқушылар мен ұстаздардың білім сапасын жаңа деңгейге көтеруде маңызды қадам жасауда.

Сонымен қатар, жоба аясында үш ауыл магниттік мектебі бекітіліп берілді:

  • «Арқалық қаласы білім бөлімінің Аңғар негізгі орта мектебі» КММ,
  • «Арқалық қаласы білім бөлімінің А. Макаренко атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ,
  • «Арқалық қаласы білім бөлімінің Т. Әубәкіров атындағы негізгі орта мектебі» КММ.

Бұл мектептерді қолдау көрсету және ауыл мектептерінің әлеуетін арттыру мақсатында жұмыс жоспары әзірленіп бекітілген. А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясының педагогтері аталған мектептерге мектепішілік бақылау жоспары, оқу жұмыс жоспары т.б. құжаттар бойынша  әдістемелік көмек көрсетіп, облыстық, қалалық семинарларда іс-тәжірибелерімен бөлісті. Биылғы оқу жылынан бастап магниттік мектеп оқушыларына математика, физика, химия, биология, ағылшын пәндері бойынша онлайн сабақтар жүргізіп, білім беру сапасын арттыруға өз үлестерін қосып отыр. Бұл бірлескен жұмыстар арқылы педагогтер тәжірибе алмасу арқылы  ауылдық жерлердегі білім беру сапасын жақсартуға және ел болашағына сенімді қадамдар жасауға бағытталып отыр.

Просмотреть изображение