oC

«Дені сау ұрпақ – ел болашағы. Спортпен шыныққан жас – рухы мықты, жігері биік тұлға» дегендей, мектеп қабырғасында оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған спорттық шаралардың маңызы зор.

Осы мақсатта мектебімізде 19- қыркүйек күні Спорт күніне орай 8–9–10–11 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылды.

Жарыстың негізгі мақсаты – оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, дене белсенділігін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және оқушылар арасында ұйымшылдық пен достық қарым-қатынасты нығайту.

Жарыс барысында жас спортшылар өздерінің шапшаңдығы мен ептілігін, ойын шеберлігі мен табандылығын көрсете білді. Әр команда жеңіске деген жігерін танытып, ойынның әр сәтінде бір-біріне қолдау көрсетті. Допты дәл қабылдау, шебер пас беру, нәтижелі шабуыл жасау секілді ойын элементтері жарыстың көркін қыздыра түсті.

Волейбол – тек күш пен шеберлікті ғана емес, бірлік пен өзара сенімді талап ететін командалық спорт. Ойын барысында оқушылардың ұйымшылдығы мен жауапкершілігі ерекше байқалды.

Спорттық сайыс оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, мектеп өміріне серпіліс әкелді. Мұндай жарыстар жасөспірімдердің денсаулығын нығайтып қана қоймай, оларды тәртіпке, төзімділікке, достыққа және жеңіске ұмтылуға тәрбиелейді.

«Спорт – денсаулыққа бастар жол, ал бірлік – жеңіске бастар жол!»

Мектебімізде осындай тағылымды әрі тартысты спорттық шаралар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

 

МАҒАУОВ ЕРБОЛАТ АБАЙҰЛЫ

А.Құнанбаев атындағы мектеп – гимназиясының

                       дене шынықтыру пәнінің мұғалімі