oC
Қонақжай қазақ халқы жылдың әр мезгілін қадірлеп, алтын күзді береке мен мерекенің басы деп білген. Міне, осы алтын күз өз қойнауынан біз үшін ерекше маңызды үш бірдей ізгі мерекені сыйлап отыр. Қазанның алғашқы күнінен бастау алатын Халықаралық қарттар күні, жүректерге білім нұрын сепкен ұлағатты ұстаздар күні және адал еңбектің қадірін асқақтататын Еңбек күні бір арнаға тоғысып, бүгінгі салтанатты кездесуіміздің өзегіне айналып отыр.
«Ата көрген оқ жанар, ана көрген тон пішер» демекші, отбасының ғана емес, білім ошағының, мектеп өмірінің де ұйытқысы болып жүрген қадірлі ағалар мен апаларымыз бар. Немерелердің тәрбиесіне алаңдап қана қоймай, мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысып, жас буынға ақыл-кеңесін беріп, өнеге көрсетіп жүрген ардақты ата-әжелеріміздің орны ерекше.
Сонымен қатар мектебіміздің игі бастамаларына қолдау көрсетіп, жанашырлық танытып, мектебімізге әрдайым демеушілік қолдау көрсетіп жүрген жомарт жүректі ата-аналарымызға айтар алғысымыз шексіз.
Барлық қонақтарымызға зор денсаулық, отбастарына амандық, еңбектеріне береке тілеп, біршама ата, әжелеріміз, демеуші ата-аналарымыз және мектебіміздің кіші қызметкерлері Алғыс хатпен марапатталды.