oC

ergwerg

2026 жылғы 1–2 -5 қазан күндері оқушылар арасында ұлттық зияткерлік ойынымыз – тоғызқұмалақтан «Мектеп Лигасы – 2026» жарысы ұйымдастырылды. Жарыс барысында оқушылар өздерінің логикалық ойлау қабілетін, шеберлігін, шыдамдылығы мен стратегиялық ойын жүргізу деңгейін көрсетті.

1 қазан күні 9–11 сынып оқушылары арасында тоғызқұмалақтан жарыс өтті. Мектебіміздің оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды:

Бекет Ерхан – жекелей есепте І орын, Бақытбекұлы Шыңғыс – жекелей есепте ІІ орын, Қабжамал Балнұр

Әшір Жансая – жекелей есепте ІІІ орын;

Командалық есепте – ІІІ орын иеленді.

2 қазан күні 7–8 сынып оқушылары арасында жарыс жалғасын тапты. Нәтижесінде:

Нұрсұлтан Нұржігіт – жекелей есепте ІІ орын, Болатбек Айәділ, Қасымхан Жанерке – жекелей есепте І орын,

Ғалымжан Зере – жекелей есепте І орын;

Командалық есепте – ІІ орын.

5- қазан күні  5–6 сынып оқушылары арасында:

Қайырбай Ернұр – жекелей есепте ІІІ орын, Темірбек Сәндібек, Қанатқызы Ләйла, Қасымхан Жансезім – жекелей есепте ІІ орын иеленді.

Бұл жарыс – оқушылардың ұлттық ойынға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың ойлау қабілетін, зеректігін, сабырлылығын және стратегиялық шешім қабылдау дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді. Жүлделі орындарға ие болған оқушыларымызды жеңістерімен құттықтап, алдағы жарыстарда биіктерден көрінуіне тілектестік білдіреміз!